Қазаннан Алматыға жаңа рейс маусымның соңында ашылады

Ресейлік әуетасымалдаушы 26 маусымнан бастап қазаннан Алматыға тікелей рейстерді ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағыттарда сыйымдылығы 100 орындық Sukhoi Superjet 100 лайнерлері іске қосылады.

Қазаннан Алматыға ұшуларды Red Wings әуекомпаниясы жексенбі күндері, кері рейстерді 27 маусымнан бастап дүйсенбі күндері орындайтын болады. Билеттер әуетасымалдаушының сайтында және мобильді қосымшасында сатылады.

Бұған дейін "Азимут" әуекомпаниясы Уфадан Ақтауға тікелей рейстерді іске қосатыны белгілі болды. Башқұртстан астанасынан рейстер 27 маусымнан басталады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!