Қазақстанның үш әуежайында жаңа терминалдар пайда болады: мерзімі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 5-7 есе артады деп күтіледі.

"Келер жылы мынау әуежайларда жаңа терминалдар пайда болады: Шымкентте - наурызда, Қызылордада - мамырда және Алматыда - маусымда", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, 2024 жылы Астана мен Павлодарда ұшу-қону жолағын, Балқашта перрон мен такси жолағын қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Шағын авиацияны дамыту мақсатында бюджет қаражаты есебінен Балқаш, Үржар және Үшарал әуежайларында ұшу-қону жолағы жаңғыртылды, онда да жаңа аэровокзал салынды. Алдағы 2-3 жылда Балқаш және Үржар әуежайларын жаңарту көзделіп отыр, сонымен бірге Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағай жаңа әуежайларын салу мәселесі қаралады.

Марат Қарабаевтың ақпаратына сәйкес, биыл 11 айда қазақстандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға артық. Бұл ретте әуежайлар 24 млн саяхатшыға (+25 пайыз), оның ішінде Алматы және Астана әуежайларына сәйкесінше 9 млн (+34 пайыз) және 7 млн жолаушыға (+26 пайыз) қызмет көрсетті. Сондай-ақ әуежайларда өңделген жүк көлемі 130 мың тоннаға дейін (+16 пайыз) ұлғайған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная