Қазақстанның таңғажайып туристік бағыттары жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға отбасымен саяхаттауды жоспарлағанда, Бурабай, Қапшағай, Алакөл, Түркістан, Ақтау, Алматы, Астана сияқты танымал жерлер мен өңірлер ойға оралады. Бұл тізімге Ақмола облысындағы Балқаш көлі мен Зерендіні де қосуға болады. Бірақ тек осы жерлер ғана ма? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata сервисімен бірге еліміздің басқа аймақтарындағы танымал емес, бірақ ерекше қызығушылық тудыратын бағыттарды да қарастыруды ұсынды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға отбасымен саяхаттауды жоспарлағанда, Бурабай, Қапшағай, Алакөл, Түркістан, Ақтау, Алматы, Астана сияқты танымал жерлер мен өңірлер ойға оралады. Бұл тізімге Ақмола облысындағы Балқаш көлі мен Зерендіні де қосуға болады. Бірақ тек осы жерлер ғана ма? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata сервисімен бірге еліміздің басқа аймақтарындағы танымал емес, бірақ ерекше қызығушылық тудыратын бағыттарды да қарастыруды ұсынды.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысына табиғаты көркем Ақтолағай бор үстірті үшін баруға болады. Мұнда бір-екі күнге қалған жөн, ерекше аппақ таулар мен үңгірлерді айналып өту, тастардан ежелгі жануарлардың қалдықтарын іздеу, аты аңызға айналған Шахмат алқабын, Мұғаджар тау жотасы мен Қарғалы су қоймасын мейлінше тамашалауға болады.

Фото: visitaktobe.kz

Облыстың табиғи көрікті жерлерінің ішінде биіктігі 50 метрлік геологиялық Айдарлыаша стратотипі де бар. Оның қабаттарынан ежелгі акулалардың тістері мен сүйектері, моллюсктердің қабықшалары, сондай-ақ мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде мұхит болғанына көптеген басқа дәлелдер табылды. Ақтөбе қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ Ақтөбеден 120 шақырым жерде - тау жартастар, қыраттар, ормандар мен көлдер арасындағы көркем шатқалда - Қарғалы өңірінің қақ ортасында орналасқан әсем Қасқыр сарқырамасына баруға болады.

Фото: kazakhstan.travel

Өңірдегі тарихи орындардан мыналарды тамашалауға болады:

  • "Хан Моласы" қорымы, ол 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені салынған орын;
  • 2007 жылы тарих пен қазақ эпосының аты аңызға айналған батыры жерленген жерде ашылған Қобыланды батыр кешені;
  • Керуен-Сарай - Ұлы Жібек жолы дәуіріндегі Көкжар жәрмеңкесі өткен жер,
  • Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы және Тұңғыш Президент саябағы.

Ақтөбе облысында жазда аптап ыстық болмайды, әдетте температура 25 градустан аспайды. Қыста да аяз болмайды. Қаңтардағы ең төменгі көрсеткіш -14 градус.

Атырау облысы

Атырау облысы қазақстандықтар үшін ерекше туристік бағыт болып табылады. Бірақ мұнда да көруге тұрарлық жерлер жетерлік.

Негізгі көрікті жерлері:

Ақкөгершін үстірті - бор шөгінділерінің таңғажайып нысандары, онда тіпті жартаста жазылған ежелгі жануарлардың қалдықтарын табуға болады. Үстірт Атырау мен Ақтөбе облыстарының шекарасында, Атырау қаласынан 245 шақырымдай жерде орналасқан.

Фото: Tengrinews.kz мұрағатынан

Үстіртке автоэкспедиция құрамында немесе туристік фирма ұйымдастыратын 2-3 күндік экскурсия арқылы ғана жетуге болады. Құлсары қаласында аялдамасы бар Атырау - Ақтау тас жолының бойындағы бағытты таңдаған дұрыс. Мұнда Құлсарыда су мен азық-түлік қорын толтырып, жанармай құюға болады. Құлсарыдан 100 шақырымдай жерде сіз діттеген нысанға жетесіз.

Ақкөгершін үстіртімен танысуды, әрине, Ақтолағай үстіртін аралаумен ұштастыру қажет. Ол небәрі 55 шақырым солтүстік-шығысқа қарай дала бойында орналасқан.

Гүлдеген лотостар

Бұл аймаққа барудың тағы бір таңғажайып жері гүлденген лотостар алқабы десе болады. Олар Құрманғазы өңірінде, іс жүзінде Ресеймен шекаралас жерде, Қиғаш және Шароновка өзендерінің арналарында, Каспий теңізіне құятын жерлерде гүлдейді. Гүлдену кезеңі: шілде-тамыз.

Лотос екпелеріне жету оңай емес, Атырау қаласынан 300 шақырым жерде өте нашар жолмен, одан кейін тағы бірнеше шақырым суда жүру қажет болады. Бұл жол тағы қырық минутқа созылады.

Лотостың бұл аймаққа қалай түскені туралы көптеген нұсқалар бар, ең негізгі нұсқа: Ұлы Жібек жолының гүлдену кезеңінде жергілікті саудагерлер өз жерлерінде де осынау сұлулықты тамашалау үшін Үндістаннан немесе Қытайдан лотос тұқымын әкелген.

Бірақ Атырау облысының осынау шалғай бұрышына туристерді тек лотос алқабы ғана тартпайды. Әсем табиғат, су маңындағы құстардың алуан түрлілігі: тырна, аққу, құтан, үйректің әр түрі, сонымен қатар балық аулауға да тамаша мүмкіндік бар.

Бесшоқы шоқысы - диаметрі 150 метрге жететін үлкен карст ойпаты-үңгірлері бар гипс үйінділерінің ерекше дөңес бедері.

Фото: rgo.ru

Мұнайлы-Мола кен орны да Қазақстанның Атырау облысындағы ғажайып жерлерінің бірі. Тегіс қара шарлар фотосуреттер үшін тамаша футуристік пейзажды бейнелейді.

Кен орны Жылыой аудандық Жантерек теміржол вокзалынан 52 шақырым және облыс орталығы - Құлсары қаласынан 85 шақырым жерде орналасқан. Атыраудан тұрақты түрде автобустар мен пойыздар қатынайды.

Ал уақытыңызды қызықты әрі пайдалы өткізу үшін Индер көліне баруға болады. Бұл - көптеген тұзды бұлақтармен қоректенетін көл. Оның сулары мен балшықтарында жоғары сапалы тұздар бар: калий, бром және бор, олардың емдік қасиеті көп.

Көне Сарайшық шаһарында көне тарихи кезеңнің тынысын сезіне аласыз. 2023 жылдың наурыз айында "Сарайшық" визиттік орталығы ашылды.

Сарайшық қалашығы Қазақстан аумағындағы ең көне ескерткіштердің бірі болып табылады. Алтын Орда мен Қазақ хандығы кезінде қаланың саудалық маңызы зор болды, өйткені негізгі керуен жолдары осы жерден өтетін. 90-шы жылдардағы қазба жұмыстары кезінде археологтар қыш ыдыстардың қалдықтарын, ою-өрнектер мен алтын бояумен безендірілген қыш ыдыстардың үлгілерін тапты. 1999 жыл мұнда Хан пантеондары, мешіт және жергілікті жерлерді барлау кезінде табылған жәдігерлерді көрсететін мұражайдан тұратын "Хан штабы" мемориалдық кешенінің іргетасы қаланғанымен есте қалды.

Атырау облысына бару үшін ең қолайлы айлар қыркүйек, мамыр, сәуір айлары болып табылады, ауа райы тамаша +17...+26 градус.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында саяхатшылар киелі жерлермен, табиғи сұлулықпен және көптеген тарихи ескерткіштермен танысады.

Солтүстік Қазақстан облысының негізгі туристік орны – Имантау және Шалқар көлдері. Жылы мезгілде мұнда жағажай демалысы, қылқан жапырақты орманда серуендеуге болады, сондай-ақ, әуесқойларға аң аулау және балық аулау ұсынылады.

Фото: visit.sko.kz

Имантау-Шалқар курорттық аймағы Көкшетау қаласынан 60 шақырым және Петропавлдан 245 шақырым жерде орналасқан. Петропавлдан Имантау ауылына маршруттық автобуспен, одан ары таксимен қалаған демалыс орталығына жетуге болады. Көкшетаудан Арықбалық және Чистополье ауылдарына тұрақты шағын автобустар қатынайды. Қалаған жерге таксимен де жетуге болады.

Ежелгі тарихты сүйетіндер неолит тайпаларының мәдениетімен байланыста болу мүмкіндігін пайдалана алады. Ботай археологиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Айыртау ауданында орналасқан. Мұнда жалпы 60 тұрғын үй зерттелді, 200 мыңнан астам археологиялық заттар, 10 тоннадан астам жылқы және басқа да жануарлардың сүйектері табылды.

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені Айыртау ауданы, Мәдениет ауылында орналасқан. Дәл осы жерде, биік төбеде 200-ден астам рет қанды шайқастарға қатысқан Шапырашты мен Арғын руларынан шыққан, 48 жыл бойы Қазақ хандығын сырт жаулардан қорғаған екі батырдың денесі жерленген. Батырларға арналған кесене Қазақстанның бірлігі, достығы мен ынтымағының символына айналды.

Фото: visit.sko.kz

Әшекейлер мен тұрмыстық заттар табылған 10 қорғаннан тұратын "Бектеңіз" археологиялық ескерткіші.

Қазақтың ұлы билеушісі Абылай ханның резиденциясы Солтүстік Қазақстан облысындағы міндетті түрде көруге болатын орындардың бірі. Мұражай төрт залдан тұрады, онда ұлы билеушінің есімімен байланысты өткен жылдардағы материалдар қойылған.

Күндіз де жұлдызды аспанды көруге болатын астрофизикалық обсерватория. Негізгі астрофизикалық обсерваторияның жабдығына айна диаметрі 0,77 метрлік Ричи-Кретьен телескопы кіреді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бүкіл оқу ғимараттары кешеніне қайталанбас келбет беретін планетарий күмбезі АҚШ-тың Leariving Technologies компаниясының проекциялық қондырғыларымен жабдықталған. Бұл республикадағы екінші үлкен телескоп.

Сіз мұнда мамыр айының басында саяхаттауды бастай аласыз - тым ыстық емес, бірақ суық емес, треккингке, ашық ауада демалуға және тарихи орындарға баруға тамаша ауа райы. Жазда ол өте жылы, бірақ әдетте температура 25-30 градустан аспайды.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысы киелі жерлерімен, тарихи-мәдени көрікті орындарымен әйгілі. Жергілікті туристік агенттіктер тарихи және табиғи көрікті жерлерге ұйымдастырылған экскурсиялық бағыттар ұсынады. Мұнда сіз тау шатқалдары мен құмды төбелер арқылы серуендеуге немесе жаяу саяхатқа, фото аң аулауға баруға болады. Бірақ Жамбыл облысының басты көрікті жерлері, әрине, киелі әрі тарихи орындар болып саналады.

Жамбыл облысының тарихи орталықтары:

Ақыртас сарай кешені 8-9 ғасырлардағы тарихи ескерткіш.

Ақыртас Жамбыл облысы, Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл ортағасырлық мәдениет ескерткіші және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Қазіргі Ақыртас – сонау ертеде құрылысы үлкен тас блоктардан тұрғызылған қаланың қирандылары, ол уақытта мұндай құрылыс салу мүмкін емес-тін, бұл көптеген ғалымдар мен этнографтарды қайран қалдырған жұмбақ құбылыс болып табылады. Сарай құрылымы төрт бөліктен тұрады, ал кешеннің өзі тау-кен жұмыстарына арналған тау кесінділерін, саябақ пен тұрғын үйлерді қамтиды.

Фото: el.kz

Әрқайсысының ғасырлар қойнауынан жеткен әдемі, кейде мұңды аңызы бар көптеген кесенелер: Айша бибі мен Бабаджа-хатун, Қарахан, Дәуітбек және Шоқай датқа кесенелері.

Айша бибі мен Бабаджа-хатун кесенелері аймақтың інжу-маржаны және 11-12 ғасырларға жататын ортағасырлық сәулет өнерінің нағыз ескерткіштері болып табылады. Аңыз-әңгіме бұл екі ғимарат Тараз қаласына жақын жерде бой көтерген.

Жетім қалған Айша бибі Қараханның ғашығы болған деген болжам бар, бірақ оның қамқоршысы жастардың отау құруына келіспеді, сол кезде шарасыз қыз үйінен қашып кетіп, оны жылан шағып алады. Қайғыға батқан Қарахан қыз қайтыс болған жерге ескерткіш бейіт тұрғызады. Бабаджа хатун марқұмның адал серігі, күтушісі болған еді, қыздың кесенесін күзетіп қалады, қайтыс болғаннан кейін оны Айша бибі анамызға жақын жерлеген.

Қазір кесенелер ең сүйікті туристік және зиярат орталықтары болып табылады.

Қали Жүністің шығыс моншасы

Қали Жүністің шығыс моншасы 19 ғасырға жатады. Аумағы 450 шаршы метрді құрайтын ғимарат ортағасырлық сәулет идеяларының негіздеріне сай, шығыс үлгідегі сантехникалық және жылу жүйелерімен салынған. Үй-жайларды қайта қалпына келтіруге қарамастан, ғимараттың сыртқы және ішкі көрінісі өзгеріссіз қалды. Монша көп күмбезді ғимарат, жарық осында қойманың жоғарғы жағындағы шағын тесіктер арқылы кіреді. Оның құрылымы бес бөлмеден тұрады, олардың әрқайсысы бұрын көркем суреттермен безендірілген, бірақ қазір тек отыруға арналған кертпелер ғана бар.

Фото: Tourister.ru

Талас Алатауы жотасының батысын алып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы. Бұл экотуризм үшін тамаша орын. Көктемде мұнда керемет құбылыс қызғалдақтардың гүлденуін тамашалауға болады. Олардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Көксай шатқалы – Жамбыл өңірінің көркі. Ол қорықта орналасқан және ұйымдастырылған экскурсиялық турлардың негізгі объектісі болып табылады.

Жамбыл облысында Меркі шатқалындағы радон мен минералды су көздері де танымал.

Мұнда ауа райы өте ыстық, сондықтан саяхаттау үшін көктемнің аяғынан маусымға дейін және тамыздан күздің басына дейінгі кезеңдерге назар аударған дұрыс.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная