Қазақстанның астанасында туристер демалатын жаңа орын пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада жаңа Бейбітшілік пен келісім паркі салынады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақ Есіл өзенінің бойында бой көтереді. Құрылыс 2023 жылы аяқталады.


Иконка комментария блок соц сети

Елордада жаңа Бейбітшілік пен келісім паркі салынады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақ Есіл өзенінің бойында бой көтереді. Құрылыс 2023 жылы аяқталады.

"Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық аясында Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті бейнелейтін табиғи-рекреациялық парк тұжырымдамасы әзірленді", - делінген хабарламада.

Саябақтың негізгі идеясы - "Өмір ағашы" монументі: күмбез түріндегі ғимарат, оның ортасында емен өсіп, айналасында субұрқақ салынады.

"Ғасырлар бойы тамыр жайған су мен өмір ағашы жер бетіндегі тіршіліктің жалпыадамзаттық құндылығын бейнелейді. Осылайша, діни сеніміне қарамастан, планетадағы барлық адам арасындағы келісімге, бейбітшілікке және достыққа шақыру ретінде әрекет етеді. Күмбез бір аспан астындағы әлемді бейнелейді. Онда әлемнің 4 жағын - Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты бейнелейтін 4 кіру аймағы болады", - деді елорда әкімдігінің Урбанистика орталығындағылар.

Ескерткіштің айналасында 60-тан астам ағаш отырғызылады. Съезд делегаттары ағаш отырғызуға қатысады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная