Қазақстандық әуетасымалдаушы Нұрсұлтан Назарбаевтан Лондонға әуе рейстерін тоқтатады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Эйр Астана" баспасөз қызметінің мәліметінше, үкіметтік шектеулерге байланысты әуекомпания Лондонға рейстерді 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығында тоқтатуға мәжбүр.
"Жолаушылар билеттің ақшасын сатып алған жерінен толық қайтара алады немесе msc@airastana.com поштасымен билетті Нұр-Сұлтаннан/арқылы рейстерге қайта брондай алады", - делінген компания хабарламасында.
Ұлыбританияға рейстердің тоқтатылуына коронавирустың "омикрон" жаңа штаммының таралуы себеп болды. Еске салайық, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім шығарды.
Бұған дейін әуекомпания Қазақстаннан Шри-Ланкаға ұшу жиілігін 25 желтоқсаннан аптасына бес ретке дейін арттырды. Алматы - Коломбо бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбіден басқа, аптасына бес күн жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, 2022 жылы қазақстандықтарға қандай жаңа бағыттар қолжетімді болатыны туралы Қазақстан туризм қауымдастығының мүшелері - туроператорлар мен турагенттер үшін шығу туризмі бойынша қауымдастық департаментінің отырысында белгілі болды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!