Қазақстаннан Ұлыбританияға рейс қайта ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстан Ұлыбританиямен әуеқатынасын жаңартып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлыбританиямен әуеқатынасын жаңартып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Рейстер 12 наурызда басталады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсін "Эйр Астана" әуекомпаниясы сәрсенбі және сенбі күндері Airbus 321 LR ұшағымен орындайды.

Еске салайық, Ұлыбритания шекарасы вакцина алмаған қазақстандық туристер үшін 11 ақпаннан бастап ашық болатын. Тек Ұлыбританияға сапардан екі күн бұрын ПТР-тест тапсыру керек және келгеннен кейін де ПТР-тестілеуге тапсырыс беріп, төлеу қажет.

Сонымен қатар, Ұлыбритания Қазақстанның вакциналау паспортын мойындады. Елде қазір сегіз вакцина: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac мойындалды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная