Қазақстаннан Сауд Арабиясына әуе рейстері іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медина, Сауд Арабиясы Фото @Shutterstock Медина, Сауд Арабиясы Фото @Shutterstock

Алматы мен Шымкенттен Сауд Арабияның Медина қаласына чартерлік рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Шымкенттен Сауд Арабияның Медина қаласына чартерлік рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оларды SCAT әуекомпаниясы орындауды жоспарлап отыр. Тасымалдаушының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы - Медина бағыты бойынша рейс 2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 10 күнде бір рет жиілікпен ұшады.

Шымкент - Медина бағыты бойынша ұшуларды 2022 жылғы қаңтардан бастап аптасына екі рет Boeing 737 типті әуекемелерінде жүзеге асыру жоспарланған. Рейстер туроператордың тапсырысы бойынша белгіленген кестеге сәйкес орындалады. Билеттерді туроператордан сатып алуға болады.

Сауд Арабиясымен әуе қатынасын қалпына келтіру туралы осы жылдың қыркүйегінде хабарланды. БАҚ-та қазанның үшінші онкүндігінен бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарланғаны туралы ақпарат болды. Қарашаның ортасынан бастап SCAT компаниясы Алматы - Джидда бағыты бойынша аптасына бір рейс жиілікпен рейсті қайта бастады.

Сауд Арабиясына саяхаттау үшін туристік виза алу керек. Sinopharm немесе Sinovac вакцинасының екі дозасын алған саяхатшылар корольдікте бекітілген Pfizer BioNTech немесе Comirnaty, Oxford AstraZeneca, Covishield, SK Bioscience немесе Vaxzevria, Moderna немесе Spikevax, Johnson & Johnson вакциналардың бірінің қосымша дозасын алған жағдайда қабылданады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная