Қазақстаннан Ресейге тағы екі әуерейсі іске қосылды

Алматы – Красноярск және Нұр-Сұлтан – Красноярск бағыттары бойынша екі әуерейсі іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Осылайша, ресейлік "Россия" әуекомпаниясы биыл 16 шілдеден бастап Алматы – Красноярск бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, сондай-ақ ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап Нұр – Сұлтан-Красноярск бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді. 

Айта кетейік, Red Wings әуекомпаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұшатыны хабарланған еді.