Көп қазақстандық елдер арасында автобуспен саяхаттауды таңдайды. Біздің елден Қытайға қандай маршруттар қатынайды? Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.
Сауалымызға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді:
"Қазақстан мен Қытай арасында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін тараптар тұрақты халықаралық автобус рейстерін ашу мәселелерін келіседі. Бүгінде ҚХР-ға мына бағыттар жүреді: Шымкент-Үрімші, Алматы-Үрімші, Алматы-Тачэн, Талдықорған-Үрімші, Жаркент-Қорғас, Жаркент-Инин, Достық-Алашанькоу, Чунджа-Үрімші, Қордай-Үрімші, Семей-Үрімші, Үржар-Тачэн, Зайсан-Зимунай, Алматы-Инин, Иргели-Үрімші және Астана-Үрімші", - деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, Көлік министрлігі халықаралық тасымалдарды ұйымдастыруға рұқсат алу үшін тасымалдаушыға автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне тиісті өтінім енгізу қажеттігін еске салды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!