Қазақстаннан Куала-Лумпурға рейстер ашылу жоспарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куала-Лумпур. Фото pixabay.com Куала-Лумпур. Фото pixabay.com

Air Asia лоукостері Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстер ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Air Asia лоукостері Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстер ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстерді іске қосу 2023 жылға жоспарланған.

Air Asia әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін Қазақстанға келеді.

Бұған дейін, пандемия алдында Азаматтық авиация комитеті 2019 жылы Қазақстанға Air Asia рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын, алайда ол карантин шектеулеріне байланысты тоқтатылды.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билігінің, атап айтқанда директоры Датук Честер Ву және Малайзияның көлік министрлігі өкілдерінің, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер Air Asia және Malaysia Airlines басшылығының қатысуымен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Президенттің тапсырмасы бойынша енгізілген "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная