Қазақстаннан Дубайға күзгі каникулға әуе рейстерінің саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock

Күзгі каникул кезінде Қазақстаннан Дубайға ұшатын әуе рейстерінің санын арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, Ыстамбұлға рейстер жиілігі артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Күзгі каникул кезінде Қазақстаннан Дубайға ұшатын әуе рейстерінің санын арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, Ыстамбұлға рейстер жиілігі артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының Нұрсұлтан Назарбаевтан Ыстамбулға әуе рейстері енді аптасына үш рет, ал Алматыдан аптасына бес рет орындалатын болады. Мектеп каникулдары кезінде Алматыдан Дубайға 23, 24, 29 және 30 қазанда қосымша рейстер ашылады.

"23 қазаннан бастап Алматыдан Дубайға жұма, сенбі және жексенбі күндері қосымша рейстер енгізіле отырып, аптасына 7-ден 10 рейске дейін ұлғаяды. Ал 1 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан мен Дубайға рейстер аптасына 5 рейстің орнына күн сайын орындалатын болады", - деп толықтырды әуе компания өкілдері.

Бұған дейін БАӘ-ге аптасына 31 рейс орындалатыны хабарланған болатын ("Эйр Астана" - 12 рейс; FlyDubai - 12 рейс; Air Arabia - үш рейс; Wizz Air Abu Dhabi - төрт рейс):

Нұр-Сұлтан - Дубай (10 рейс); Алматы - Дубай (14 рейс); Алматы - Шарджа (үш рейс); Нұр-Сұлтан - Абу-Даби (2021 жылғы 31 қазаннан бастап екі рейс); Алматы - Абу-Даби (2021 жылғы 31 қазаннан бастап екі рейс).

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная