Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстерінің саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

21 маусымнан бастап Қазақстаннан Черногорияға рейстер саны артады. Қазақстандықтарға Нұр-Сұлтаннан аптасына үш  рейс және Алматыдан төрт рейс ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

21 маусымнан бастап Қазақстаннан Черногорияға рейстер саны артады. Қазақстандықтарға Нұр-Сұлтаннан аптасына үш  рейс және Алматыдан төрт рейс ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының мәліметінше, Подгорицаға қосымша рейстер Нұр-Сұлтаннан дүйсенбі және Алматыдан сейсенбі мен жұма күндері ұшады.

Бұған дейін 9 маусымнан бастап Airbus A321 LR ұшақтары Нұр-Сұлтаннан сәрсенбі және сенбі күндері, Алматыдан бейсенбі және жексенбі күндері ұшатыны хабарланған болатын.

Жарналарды ескере отырып, екі жаққа билет құны: эконом-класта 263 200 теңгеден және бизнес-класта 763 000 теңгеден басталады.

2021 жылғы 31 қазанға дейін Черногориямен біржақты тәртіпте Қазақстаннан келген туристер үшін 30 тәулікке дейін визасыз режим әрекет етеді.

Черногорияға бару үшін жолаушының ұшуға дейін кемінде 72 сағат бұрын жасалған теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасы болуы қажет. Анықтама 5 жасқа дейінгі балаларға, 30 күн бұрын берілген IgG антиденелерін оң сынақтан өткен жолаушыларға, сондай-ақ Черногорияда мақұлданған препараттармен коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жолаушыларға қажет емес.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная