Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстері 1 маусымнан басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Котор, Черногория Фото @Shutterstock Котор, Черногория Фото @Shutterstock

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап Черногорияға ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап Черногорияға ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Алматы-Подгорица бағытындағы рейстер аптасына төрт рет жиілікпен - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері және 2022 жылғы 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Подгорица бағыты бойынша бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рейс жиілікпен орындалатын болады.

"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А321LR типті әуекемелерінде орындалады", - делінген хабарламада.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан рейстері сағат 08.50-де ұшып, Подгорицаға 10.55-те қонады. Кері бағытта сағат 12.00-де Подгорицадан шығып, Нұр-Сұлтанға 21.20-да келеді. Алматыдан рейстер сағат 07.30-да ұшып, Подгорицаға сағат 10.25-те қонады және Подгорицадан сағат 11.30-да ұшып, Алматыға 21.25-те келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.

Екі жаққа билеттердің құны да экономкластағы алымдарды есепке алғанда 252 255 теңгеден және бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Брондау агрегаторларда және әуекомпания сайтында қолжетімді.

Черногорияға кіру үшін жолаушыларға теріс нәтижесі бар ПТР-тесті туралы анықтама және вакцина паспортын ұсыну қажет емес. Қазақстан азаматтары визасыз Черногорияда 30 күнге дейін бола алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная