Биыл 2 маусымнан бастап "Fly Arystan" әуекомпаниясы Астанадан Бакуға ұша бастайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2023 жылы 2 маусымнан бастап "Fly Arystan" әуекомпаниясы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады.
"Рейстер "Эйрбас-А320" әуекемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына екі рет жиілікпен орындалатын болады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына екі рет жиілікпен орындайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Әзірбайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы-Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясы аптасына екі рет, Ақтау-Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниялары аптасына үш рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуекомпаниясы аптасына екі рет орындайды.
Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.
Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!