Қазақстаннан Амстердамға әуе қатынасы жаңартылып, Черногорияға рейс ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес, Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерді ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Мынадай рейстер орындалады:

Черногория

2021 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстерінің ашылуы.

Біріккен Араб Әмірліктері

2021 жылдың 10 мамырынан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстер санын әрбір тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр – Сұлтан – Дубаи – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша әрбір тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайту.

Қырғызстан

2021 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейс жиілігімен Алматы – Тамчы – Алматы бағыты бойынша Қырғызстанмен жолаушылар рейстерінің ашылуы.

Өзбекстан

2021 жылдың 15 мамырынан бастап әрбір тарап үшін аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша Өзбекстанмен жолаушылар рейстерінің ашылуы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 20 мамырынан бастап Нидерланды тарапынан шектеулер алынуына қарай, "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағыты бойынша рейстерді аптасына 1 рейс жиілігімен Атырау – Амстердам – Атырау бағыты бойынша рейстерге кезең-кезеңімен ауыстыруға рұқсат етілді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная