Қазақстан Қырғызстан азаматтарына кіру бойынша шектеуді алып тастауды бір жылға ұзартты. Үкіметтің тиісті қаулысы құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Құжат үкімет қаулысы бойынша, бекітілген иммигранттардың Қазақстанға келуі мен болуының, сондай-ақ олардың елден шығуының ережелеріне өзгерістер енгізеді.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қырғыз Республикасының азаматтары үшін 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағы 16-абзацының қолданылуы тоқтатылсын", - делінген қаулыда.
Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ережеге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше елдердің барлық азаматтары Қазақстанда алты ай ішінде жалпы саны 90 күн бола алады. Алайда, Қырғызстан азаматтары бұл шектен асып кетсе де Қазақстанға кіре алады.
Үкімет қаулысы алғаш рет былтыр қазанда енгізілген болатын.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!