Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға қай елдердің азаматтары жиі келетінін атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауапта, елге кіргендердің ең көп пайызы Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары екені айтылған.
Комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында Қазақстан аумағына мына елдерден тұрғындар келген:
- Өзбекстан Республикасы – 1 598 656 адам;
- Қырғыз Республикасы – 1 015 553 адам;
- Ресей Федерациясы – 854 937 адам;
- Тәжікстан Республикасы – 332 177 адам;
- Беларусь Республикасы – 47 342 адам;
- Әзербайжан Республикасы – 30550 адам;
- Түрікменстан – 9671 адам;
- Украина – 9018 адам;
- Армения Республикасы – 5194 адам;
- Молдова Республикасы – 3059 адам.
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елге келушілер орта есеппен 6,5 пайызға өскені байқалады. Шетелдіктердің айтуынша, олар Қазақстанға көлік құралдары қызметі бойынша немесе транзитпен кіреді.
ҰҚК мәліметтері бойынша, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері ең қарқынды болып табылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!