Қазақстанға қай елдерден туристер жиі келеді

Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия Қазақстанға туристер жиі келетін топ-10 елдің тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың басынан бері Қазақстанға Түркияның 2,5 мың азаматы, Германияның 1,4 мыңға жуық азаматы, АҚШ-тың 1,4 мың азаматы және Ұлыбританияның 1,2 мыңға жуық азаматы келді.

Сонымен қатар, Үндістаннан келген туристердің көбейгені байқалады: шамамен 3 мың адам.

"Таяу шетелден келген қонақтарға келетін болсақ, алғашқы ондықта Ресей - 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстан 11,2 мыңнан астам, Қырғызстан 3 мыңға жуық, ҚХР 2,3 мыңнан астам, Тәжікстан 2,3 мыңнан астам азамат келді", - деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін шетелдік туристер ағынын Қазақстанда 4 миллионға дейін арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!