Қазақстанға жаңа ұшақтарды жеткізу жеделдейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуекомпаниясының президентімен кездесуде осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ведомство басшысы әуекомпаниясы рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуына, сондай-ақ билеттердің тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірді және рейстер кешіктірілген кезде жолаушылардың құқығы бұзылмауын қамтамасыз ету туралы тапсырма берді.
"Менің тапсырмам бойынша жыл соңына дейін 5 жаңа ұшақ алынады деп күтілуде. Атап айтқанда, Fly Arystan әуекомпаниясының әуекемелері паркі 2 ұшақпен, Air Astana үш ұшақпен толықтырылады. Жалпы, 2025 жылға дейін 24 жаңа әуекемесі, оның ішінде үш Boeing 787 Dreamliner ұшағы түседі деп күтілуде", – деп жазды Өскенбаев.
Әуекомпания басшысы Питер Фостер міндеттемелерді орындау үшін барлық шара қабылданатынына сендірді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!