Осыған дейін айтылған отандық өндірістен шыққан жаңа вагондар "Жолаушылар тасымалы" компаниясының паркіне берілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстандық "ЗИКСТО" компаниясы шығарған заманауи үлгідегі плацкарт және купе жолаушылар вагонының бірінші партиясы елордаға жеткізілді.
Олар Карағанды - Жезқазған, Атырау - Маңғыстау, Атырау - Ақтөбе бағытында жүретін пойыздар құрамына тіркеледі.
"Жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін ауа температурасын баптау қондырғысы, ауа тазалау фильтрлері, түтін хабаршысы, биоәжетханалар, тамбурда бейнебақылау камерасы орнатылады. Купеде электр розеткасы мен USB жалғағышы орнатылған", - дейді компания өкілдері.
Фото: "Жолаушылар тасымалы"
Фото: "Жолаушылар тасымалы"
Фото: "Жолаушылар тасымалы"
Фото: пресс-служба КТЖ
Фото: "Жолаушылар тасымалы"
Фото: "Жолаушылар тасымалы"
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Вагондарды пайдалану мерзімі - 40 жыл.
Биыл қазан айының соңына дейін отандық тасымалдаушыға "ЗИКСТО" АҚ құрастырған тағы 50 вагон беріледі екен. Келер жылдың басында тағы 100 бірлік беріледі. Сонымен қатар, 2030 жылға қарай Stadler компаниясының жоғарғытехнологиялық 537 вагонын алу көзделген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!