Қазақстандықтарға әуежайға ерте келу туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушыларды тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін Қазақстан әуежайларына алдын ала келу сұралды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жолаушыларды тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін Қазақстан әуежайларына алдын ала келу сұралды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл 12-30 қыркүйек аралығында қазақстандық әуежайларда күшейтілген қауіпсіздік шараларының енгізілуіне байланысты болып отыр.

Бұған дейін Алматы әуежайының әлеуметтік желілерінде Алматы халықаралық әуежайында алдын алу іс-шараларын өткізу туралы хабарлама пайда болды.

"12 қыркүйектен бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша Алматы халықаралық әуежайында алдын алу іс-шараларын өткізуге байланысты қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілді. Халықаралық рейстерді тіркеу залының алдында қосымша тексеру желісі орнатылған. Халықаралық рейстермен ұшып шығатын барлық жолаушыдан әуежайға алдын ала келуіңізді сұраймыз. Түсінгеніңіз үшін рақмет!"- делінген хабарламада.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная