Қазақстандықтардың демалысына арналған ең танымал бағыттар аталды

Қазақстандықтар өздерінің жазғы демалысын қайда өткізуге ниетті және демалысқа қанша қаражат жұмсауға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

OLX сервисі жүргізген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, екі мың қазақстандық арасында 40 пайызы қаржылық себептер бойынша жазғы демалысты жоспарламайды, 30 пайызы оны ел ішінде, 10 пайызы қала сыртында, ал 20 пайызы шетелде өткізеді.

Орташа алғанда отандастарымыз демалысқа сыртқы туристік бағыттарға бір миллион теңгеден артық емес қаражат жұмсауға дайын. Респонденттердің 75 пайызы осындай жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың 76 пайызы ел ішіндегі демалысқа 300 мыңнан артық емес қаражат жұмсауға дайын.

Қазақстандықтардың тек 20 пайызы ғана шетелге демалысқа шығуды жоспарлайды. Бұл ретте бағыттардың географиясы жеткілікті түрде әртүрлі.

Осы жазғы маусымда қазақстандықтар үшін ең танымал сыртқы туристік бағыт Түркия болады: 37 пайызы дәл осы бағытты атады. Жеті пайызы Ресейге, алтауы Еуропа мен Мысырға барады. Қырғызстан мен Өзбекстан да танымал, сонымен қатар қазақстандықтар Индонезияға, Кореяға, АҚШ-қа, Грекияға немесе Мальдивке баруға ниетті.

Жазғы саяхаттарға шетелге шығуға дайын респонденттердің 60 пайыздан астамының отбасылары екі-төрт адамнан тұрады. Олар сапарға 500 мың теңгеден екі миллион теңгеге дейін және одан да көп қаражат жұмсауға дайын.

Бір қызығы, пандемиядан кейін бір нәрсе өзгерді. Шетелде демалуды жоспарламайтын сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 80 пайызы тауға және туристік жорықтарға жиналады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.