Қазақстандықтардың 1/3 ғана шетелге шыға алады. Елімізде қанша төлқұжат берілген?

Tengritravel.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне сауал жіберіп, бүгінде қанша қазақстандықта төлқұжат барын білді.

Айта кетейік, Қазақстанда төлқұжат рәсімдеу міндеттелмеген. Бұл құжат тек шетел асу үшін қажет. Ведомство мәліметінше, 1 қаңтар - 13 ақпан аралығында Қазақстанда 133 634 төлқұжат берілген.

"Бүгінде елімізде 5 974 698 қолданыстағы төлқұжат бар", - деді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметіне сәйкес, 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны - 19 миллион 765 мың 4 адам. Содан мынадай қорытынды жасауға болады: 13 миллион 779 мың 306 қазақстандықта (немесе халықтың 69,8 пайызында) шетелдік төлқұжат жоқ.

Төлқұжатсыз - жеке куәлікпен - қазақстандықтар тек Ресей мен Қырғызстанға кіре алады. Ал осыған дейін біз қазақстандықтар 2023 жылы қандай елдерге визасыз баруға болатынын айтқанбыз.

Айта кетейік, 2018 жылы ІІМ шетелге шыққан кезде балалардың фотосуреттерін ата-аналарының төлқұжатына жапсырудың күшін жою туралы заңнамаға түзетулер енгізді.

Осылайша, 2019 жылы 1 қаңтардан бастап 16 жасқа дейінгі қазақстандық балаларға елден тыс жерлерге шығу кезінде өздерінің шетелдік төлқұжатының болуы міндеттелді.

Анықтама үшін: төлқұжат алу қызметі онлайн режимінде қолжетімді емес - ол үшін ХҚКО-ға бару қажет. Төлқұжатты дайындағаны үшін мемлекеттік баж 8 АЕК - 27 600 теңге төлейсіз. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі - 15 жұмыс күні. Толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!