Таяу күндері қазақстандық туристерді Мысырдан қайтару үшін 23 репатриациялық рейс іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның туроператорлар қауымдастығына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Мысырда шамамен 4000 турист бар. Олардың бәрі жақын күндері Air Astana әуе компаниясының 23 репатриациялық рейсімен Қазақстанға қайтарылады. Қазір Мысырдағы азаматтарға алаңдамауды және барлық санитарлық шараны сақтауды өтінеміз.
Мысырға жаңажылдық турлар сатып алған туристер бағытты өзгерте алады, әуе қатынасы ашылғанға дейін қаражатын сақтай алады немесе ақшасын қайтара алады (қайтару - үш ай ішінде)", - делінген ұйымның хабарламасында.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын, соның ішінде Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Себеп - коронавирустың "омикрон" деген жаңа штамының пайда болуы. Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, "омикрон" штамынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан, жеті күнге оқшаулануы керек.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!