Қазақстандықтар үшін жаңа әуе бағыттары: 2024 жылы қандай рейстер ашылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

2024 жылы Қазақстан Иркутск және Мумбай сияқты қалаларға жаңа рейстер ашып, халықаралық әуе қатынасын кеңейтті. Алдағы жылдары Токио, Нью-Йоркте маршруттарды іске қосу жоспарланған. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылы Қазақстан Иркутск және Мумбай сияқты қалаларға жаңа рейстер ашып, халықаралық әуе қатынасын кеңейтті. Алдағы жылдары Токио, Нью-Йоркте маршруттарды іске қосу жоспарланған. Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

2024 жылы қандай рейстер ашылды?

Азаматтық авиация комитеті ресми сұрауға жауап ретінде биыл мына халықаралық рейстер ашылғанын хабарлады:

  • FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Мумбай бағыты бойынша рейстер ашты;
  • қытайлық China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы - Пекин бағыты бойынша рейстер ашты;
  • Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостерлердің бірі малайзиялық Air Asia Х әуекомпаниясы Куала-Лумпур-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындай бастады;
  • "Якутия" әуекомпаниясы Алматы - Иркутск жаңа бағыты бойынша тікелей рейстер ашты;
  • Египеттің Air Cairo әуекомпаниясы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе және Алматы – Эль-Аламейн бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстер ашты;
  • вьетнамдық Vietjet Air әуекомпаниясы Фукуок-Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашты;
  • Air Astana әуекомпаниясы Астана – Сеул, Шымкент – Джидда, Астана – Пхукет, Атырау – Дубай, Атырау – Фукуок, Алматы – Медина және Әбу-Даби – Астана бағыты бойынша тікелей рейстерді ашты;
  • SCAT әуекомпаниясы Астана-Прага бағыты бойынша рейстерді қайта бастады.

Жақын арада қандай рейстер ашылады?

ААК Берлин мен Мюнхенге (Германия) рейстерді қашан ашу жоспарланғанын айтты.

"Орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта Берлин қаласына рейстерді ашу мәселесі пысықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство сұрауымызға берген ресми жауапта.

Көптеген қазақстандықтар АҚШ пен Жапонияға тікелей рейстерді күтіп жүр. Біз осы бағыттарға қатысты жаңа мәліметтерді білдік.

"Орта мерзімді перспективада 2025 және 2026 жылдарға Токио, Нью-Йорк қалаларына рейстер ашу жоспарланған", - деп хабарлады ААК.

Сонымен қатар, ведомство Сингапурға, сондай-ақ Мароккоға әуе рейстерін ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная