Қазақстандықтар ұшақ бортына ПТР туралы анықтамасыз жіберіледі - қаулы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер шетелден келетін Қазақстан азаматтары үшін ПТР тесті анықтаманың болуы туралы жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер шетелден келетін Қазақстан азаматтары үшін ПТР тесті анықтаманың болуы туралы жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жариланған құжатта қазақстандықтарды ПТР туралы анықтамасыз ұшақтардың бортына жібермейтіні көрсетілмеген - мұндай тыйым бұрынғысынша тек шетелдіктерге ғана қолданылады.

"Қазақстан Республикасына шетелден әуе рейстермен келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін) термометриядан өтеді, сауалнама және нәтижесі берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі-Анықтама) ұсынуға міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға оларды алып жүретін адамдардан анықтама болған жағдайда анықтама берілмейді", - делінген қаулының жаңа редакциясында.

Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын қысқартпақшы

Бұл ретте анықтамасыз адамдар "ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулануға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады".

"Әуе компаниялар басшылары қамтамасыз етсін" бағанында отырғызуға рұқсат беру жөнінде тек шетел азаматтары туралы сөз болып отыр: Анықтама болмаған жағдайда әуе кемесінің бортына Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды отырғызбауға.

Айта кетейік, ескі редакцияда Қазақстанға келгендер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19 - ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі-анықтама) ұсынуы тиіс"деп көрсетілген.

Аурухана туралы да дәл солай айтылады.

Осыған дейін Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов ПТР-тест анықтамалары туралы мәлімдеме жасаған еді. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная