Қазақстандықтар Ресейге үшінші елдерден ұшып келе алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Енді Қазақстан азаматтары Ресейге тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген барлық елдің рейстерімен ешқандай кедергісіз ұшып келе алады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Енді Қазақстан азаматтары Ресейге тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген барлық елдің рейстерімен ешқандай кедергісіз ұшып келе алады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Мұндай тәртіп Ресей Федерациясы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі N 963-ө өкімімен қарастырылған.

Қазіргі уақытта Ресей келесі елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асырады: Қазақстан, Ұлыбритания (2021 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылды), Танзания (белгісіз мерзімге тоқтатылды), Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Корея Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Грекия, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін ҚР азаматтары Қазақстаннан Ресейге тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұшып келе алатын, үшінші елдер арқылы ұшып келу осы елдерде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін болған.

"Сондай-ақ, Ресейге кіру кезінде шетелдік азаматтарға шекарадан өткенге дейін кемінде 72 сағат бұрын берілген ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама қажет екенін хабарлаймыз", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная