Қазақстандықтар Малайзия астанасына тікелей ұша алады

"Алматы-Куала-Лумпур" тікелей рейсі 2024 жылдың наурыз айында ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуеқатынасын ашу жоспарланған.

Айта кетейік, биыл маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқталады. Әуежай арқылы жылына 14 млн жолаушы діттеген жеріне барады. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!