Мәдина мен Олжас Ашиловтың отбасы, сондай-ақ журналист Әлібек Бегалинов Сан-Францискодан (АҚШ) бастап, жер шарын айналып өтетін жол сапарына аттанды. Қазақстандықтар жер шарын көлікпен айналып өтіп, 40 мың шақырымнан астам жолды бағындырмақ, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Журналистер сапарды үш кезеңге: америкалық, еуропалық және ресейлік деп бөлді.
"Америкалық жол сегменті - ең қиын және ең қымбат. Сондықтан біз одан бастауға шешім қабылдадық", - дейді жоба авторы Мәдина Ашилова.
"Біздің негізгі міндетіміз - адамдарға Қазақстан туралы, еліміздің қандай тамаша, ашық және қонақжай ел екенін айтып беру, қонаққа шақыру. Сондай-ақ, әлемдік университеттер туралы деректі фильм түсіреміз және болашақта жоғары білімнің негізгі трендтері қандай екенін анықтауға тырысамыз", - деп қосты ол.
Мобильді көрме. Сан-Франциско, США. Фото ©Мәдина Ашилова
Энтузиастар әлемді шарлауды Сан-Францискодағы әйгілі "Алтын қақпадан" бастады. Мұнда олар алғашқы мобильді көрме ұйымдастырды. АҚШ-тың түрлі қаласындағы барлық маршрут бойы олар жолда кездескен азаматтарға қазақстандық шоколад және құрт ұсынады, АҚШ-тағы жоғары білім беру перспективаларын зерттейді, Қазақстан туралы айтады және біздің елге саяхаттауға ынталандырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Топ Нью-Йоркте 20 күннен кейін америкалық кезеңді аяқтауды жоспарлап отыр. Содан кейін олар Еуропа мен Ресейге барады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!