Қазақстандықтар көбінесе қай елдерге қоныс аударатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында еліміздегі халықтың көші-қоны туралы деректер жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында еліміздегі халықтың көші-қоны туралы деректер жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өткен жылы елге 25 399 адам келіп, 16 055 адам кеткен екен. Көші-қон сальдосы 9344 адамға тең болды.

"2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 46,9%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 33,7%-ға азайды. Еліміздегі негізгі көші-қон - ТМД мемлекеттерімен байланысты. Мәселен ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86,3%-ға жеткен. Ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 77,3%-ға жуықтаған", - делінген бюро хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өңіраралық көші-қон туралы деректерді ұсынды.

"Ел ішінде қоныс аударушылар саны 27,5%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің үш өңірінде, атап айтқанда Астана (50 078 адам), Алматы (38 113 адам) және Шымкент (3 416 адам) қалаларында халық миграциясының оң сальдосы қалыптасты", - деп атап өтті бюро.

Ведомство ұсынған кесте бойынша тұрғындар жиі кететін аймақтарды бақылауға болады. Бір жыл ішінде Түркістан облысынан 23 211 адам, Жамбыл облысынан 13 681 адам, Жетісу өңірінен 9 181 адам, Қызылорда облысынан 7 154 адам, Абай өңірінен 6 748 адам кетті.

Айта кетейік, "көші-қон сальдосы" - есепті кезеңде аймаққа келгендер мен одан кеткендер арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная