Қазақстандықтар Грузия үшін әлеуетті туристер деп аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кутаиси, Грузия. Фото Рабиға Дүйсенғұлова Кутаиси, Грузия. Фото Рабиға Дүйсенғұлова

Қазақстан Грузияның туристік секторын кеңейту тұрғысынан әлеуеті жоғары екі нарықтың бірі деп аталды. Бұл туралы саясат және басқару жөніндегі халықаралық консалтинг тобының (PMCG) есебінде айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Georgian Journal басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Грузияның туристік секторын кеңейту тұрғысынан әлеуеті жоғары екі нарықтың бірі деп аталды. Бұл туралы саясат және басқару жөніндегі халықаралық консалтинг тобының (PMCG) есебінде айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Georgian Journal басылымына сілтеме жасап.

Ұйымның мәліметінше, пандемия туризм саласына айтарлықтай зиян келтіріп, туризм саясатын қайта қарауға мүмкіндік берді. PMCG Парсы шығанағы елдерінен, АҚШ-тан және Еуропа елдерінен келушілер көп ақша жұмсайтынын айтады. Алайда, Қазақстан мен Қытай Грузияның туристік секторын кеңейту тұрғысынан әлеуеті жоғары нарықтар ретінде ерекшеленеді.

"Қазақстанға келетін болсақ, 2019 жылы қазақстандық келушілер үшін бір келуге жұмсалатын орташа шығыстар 1 818 лариді (249 540 теңгені) құрады, ал олар орташа есеппен ұзақтығы 7,4 түнге қалған", - делінген ұйымның есебінде.

PMCG деректері бойынша Қазақстаннан келушілер саны тұрақты түрде өсіп келеді (2019 жылы 103 611 турист, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 75,7 пайызға көп). Ұйым, сондай-ақ, Грузия мен Қазақстанның үш қаласы арасында Fly Arystan тұрақты рейстерін енгізу аясында туризмді одан әрі дамыту әлеуетін атап көрсетеді.

Қазақстан мен Грузия арасында аптасына 31 рейс ұшады ("Эйр Астана" - 10 рейс, Fly Arystan - 11 рейс, SCAT - 10 рейс):

Алматы - Тбилиси (бес рейс); Алматы - Батуми (бес рейс); Атырау - Кутаиси (екі рейс); Нұр-Сұлтан - Кутаиси (төрт рейс); Ақтау - Кутаиси (үш рейс); Шымкент - Кутаиси (екі рейс); Ақтау - Батуми (үш рейс); Ақтау - Тбилиси (жеті рейс).

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная