Қазақстандықтар бал айын өткізуге қандай елдерге барады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бал айы - әрбір жас отбасы үшін ұмытылмас уақыт. Сондықтан жас жұбайлар қыдырып баратын елді таңдауға өте мұқият қарайды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар арасында бал айын өткізуге танымал орындардың тізімін ұсынады.


Иконка комментария блок соц сети

Бал айы - әрбір жас отбасы үшін ұмытылмас уақыт. Сондықтан жас жұбайлар қыдырып баратын елді таңдауға өте мұқият қарайды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар арасында бал айын өткізуге танымал орындардың тізімін ұсынады.

Бал айы үшін ең жақсы жерлердің бірі тыныш, құмды жағажайлары мен күннің әдемі батуын тамашалайтын аралдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, қонақүйлер де жас жұбайлар үшін тосынсыйлар дайындайды. FUN&SUN Қазақстан туроператорының маркетинг жөніндегі директоры Ксения Головинаның айтуынша, бал айына барар кезде ең көп таңдауға ие орын - Мальдив аралдары.

Мальдив аралдары

Су үстіндегі виллалар Үнді мұхитының бетінде орналасқан. Қаласаңыз, жағажай вилласын таңдауға болады. Ақ құмды жағажайлар, ыстық күн, пальмалар және бай теңіз тіршілігі сізді күнделікті күйбең өмірді ұмыттырып, тыныштық сыйлайды. Жергілікті тағамдар балық пен күріштен жасалады. Назар аударыңыз: ресми дін - ислам, сондықтан курорттық аймақтардан тыс жерлерде бірқатар шектеулер қойылған (атап айтқанда, киім-кешек пен алкогольді ішімдік сатуға).

"Мальдив аралдары - ең романтикалық саяхат. Көптеген қонақүйлер, жас жұбайларға сыйлық ретінде арнайы ұсыныстар жасайды. Мысалы, романтикалық кешкі ас, бассейндегі таңғы ас, бөлмелерді ерекше безендіру", - деп атап өтті Ксения.

Сейшел аралдары

Сейшел аралдары - ақ құмды жағажайлары мен гранит қойтасты жұмақ арал. Мұнда жас жұбайлар алып тасбақалардың өмірін, ағаш басындағы сирек құстардың сайрағанын және су астындағы бай әлемді тамашалай алады. Мұндағы жергілікті тағамдар француз және үнді аспаздық дәстүрлерінің әсерінен қалыптасты. Көптеген заманауи курорттардан айырмашылығы, мұнда тек тыныштық пен оқшаулану ғана десе болады.

"Сейшел аралдары қазір танымалдығы бойынша екінші орында - бұл бүкіл әлем мойындайтын махаббат аралы, онда үнемі бал айы, жағажайдағы үйлену тойлары, неке қию рәсімдері өткізіліп тұрады. Қазақстан үшін бұл жаңа чартерлік бағыт. Сейшел де аралдар, бірақ Мальдив аралдарынан айырмашылығы - серуендеуге болатын жерлері көп, табиғаты мен мәдениеті бай. Туристер бұл арал жөнінде: «Бұл жерде өзіңмен, жаныңа жақын жанмен және табиғатпен етене қаласың" дегенді жиі айтады. Бұл аралдар туристердің жүрегін жаулап алғаны анық", - дейді Ксения Головина.

Италия және Франция - бұл сөздер Еуропада бал айын өткізу жоспарланғанда алдымен еске түсетін елдер. Италия өзінің әсем табиғатымен, бай тарихымен, дәмі тіл үйірер асханасымен және ерекше сезімге бөлейтін күйімен романтикалық ел болып табылады.

Италия

"Үшінші танымал бағыт - Еуропа, атап айтқанда Италия, мәдениет, сәулет, шарап және дәмді тағамдарды ұнататындар үшін таптырмас ел. Мұнда қаланың әр бұрышы мен бұрылысынан өнер туындысын көре аласыз. Сондай-ақ, жазғы маусымдағы жылы теңізі мен керемет көріністері тағы бар. Ал Милан немесе Сан-Маринода шоппинг жасауға болады. Әр қаланың атмосферасы махаббат пен романтикаға толы, сондықтан жас жұбайлар бал айын сонда өткізуге қуана келіседі",-дейді FUN&SUN Kazakhstan туроператорының маркетинг директоры.

Сан-Марино

Сонымен қатар, қазақстандық туроператор өкілінің айтуынша, Мысыр елі де жас жұбайлар арасында танымал болып қала береді, мұнда All inclusive және жақсы қызмет көрсету аясында жас жұбайлар жайлы демала алады, қаласа экскурсияларға шығуға болады.

Мысыр

Романтикалық көңіл күй, әдемі интерьер және жақсы мейрамханалар сіздің бал айын ұмытылмастай етеді. Бал айы үшін қонақүйлерді сіз кез келген талғам мен бюджетте таңдай аласыз. Қонақүйлердің көпшілігі бал айы үшін арнайы пакет ұсынады, олар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көбінесе мыналарды қамтиды: бөлмені романтикалық безендіру; бөлмеде арнайы таңғы ас; шам жарығымен романтикалық кешкі ас; қонақүйден тосын сый және т.б. Сондай-ақ, жас жұбайлар үшін арнайы ұйымдастырылатын көптеген турлар бар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная