Қазақстандықтар Астана және Алматы әуежайларындағы бағаларға шағымданды: меморган жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Қазақстандықтар Астана мен Алматы әуежайларындағы қымбатшылыққа шағымданды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Астана мен Алматы әуежайларындағы қымбатшылыққа шағымданды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, азаматтар азық-түлік бағасы мен қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаларға шағымданады.

"Әуежай қызметтері, оның ішінде стерильді аймақтардағы қымбатшылыққа, шай, кофенің бағасына және т.б. қатысты шағымдар бар. Осыған байланысты қазір азаматтық авиация комитетімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл негізінен Алматы мен Астанада", - деді Омаров баспасөз мәслихатында.

БҚДА тәуелсіз жеткізушілер үшін әуежайларға қолжетімділікті қамтамасыз етті, бұл жағдайды жақсартуға көмектескені айтылды.

"Негізінде мұндай (жоғары – еск.) бағалар байқалмайды. Бірақ біз үшін ең басты көрсеткіш – бағаның шамамен қаладағымен бірдей болуы. Әсіресе Sturbucks сияқты брендтер. Біз үшін бұл табиғи монополияларды реттеу комитетімен түйіседі, өйткені әуежайлар табиғи монополиялар болып табылады", - деп толықтырды агенттік басшысы.

Еске салайық, қазақстандықтар Алматы әуежайының жұмысына шағым айтуды жалғастырып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары қалалық әуе айлағының қызмет көрсетуіне көңілдері толмайтынын мезгіл-мезгіл айтып жатады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная