Қазақстандықтар IDY 2022 күнін атап өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қалаларында бір уақытта VIIІ халықаралық йога күнінің (IDY 2022) ашылуы өтті. Ел бойынша 4-5 мыңнан аса адам йога күніне жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, жыл сайын қазақстандықтар арасында йога туризмге деген сұраныс та артып келеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қалаларында бір уақытта VIIІ халықаралық йога күнінің (IDY 2022) ашылуы өтті. Ел бойынша 4-5 мыңнан аса адам йога күніне жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, жыл сайын қазақстандықтар арасында йога туризмге деген сұраныс та артып келеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бүгін Свами Вивекананда мәдени орталығы Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен елордада йога күнінің ашылу салтанатын өткізді.

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати IDY 2022 «Адамзат үшін йога» тақырыбын сипаттай отырып, йога екі жылдық бұрын-соңды болмаған пандемия кезінде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, дипломат 8-ші Халықаралық йога күнімен құттықтап, Мәдениет және спорт министрлігіне бүгінгі іс-шарадағы әріптестігі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Үндістанның сыртқы байланыстар және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің Қазақстанға сапары кезінде Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты мәдени алмасу бағдарламасына қол қойылғанын атады.

ҚР денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пайдалы қарым-қатынасын атап өтті. Министр денсаулық сақтау саласының мамандары йога мен басқа да дәстүрлі тәжірибенің құндылығын көретінін айтты.

 

Осылайша таңғы сағат 7.30-да қазақстандық шенеуніктер елордалық 500-ден аса тұрғынмен йога жаттығуын жасады. Үндістан елшілігінің мәліметінше, биыл Қазақстанның 21 қаласынан йога күніне 4-5 мың қазақстандық қатысады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Үндістан үкіметінің «Guardian Yoga Ring» («Йога сақшысы» сақинасы) бастамасы бойынша Нұр-Сұлтанда IDY 2022 мерекесі Үндістанның Doordarshan ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Айта кетейік, жыл сайын 21 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная