Қазақстандық "су перінің" видеосы TikTok желісінде 3,5 миллион рет қаралды

Интернетте "су перісі" жартастардың жанындағы тоғанда жүзіп жүрген видео жарияланды. Роликке "Қапшағай жағасында су перісі табылды" деген қызықты сөйлем жазылған. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "перімен" байланысып, оның ерекше бейнесі мен хоббиі туралы сөйлесті.

Қыздың аты - Дарья, алматылық. Ол су перісі костюмінде әдемі видеолар түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскенді ұнатады. Соңғы видео 3,5 миллион рет қаралды және оқырмандар қызық пікірлер қалдырды.

Ол сенсациялық видео туралы айта отырып, досының әлеуметтік желілерге арналған клипінің бэкстейдж түсіргенін мәлімдеді. Видео демалыс орындарының бірінде түсірілген.

"Мен видеоны монтаждап, Қапшағайда су перісі жүзіп жүргендей етіп жаздым. Маған бұл жай бейне сияқты көрінді, бірақ ол үш миллион рет қаралды", - дейді ол.

@dari6996 #рек #русалка #реки #русалкаалматы #хвостикирусалок #настоящаярусалка #капчагай #миф ♬ Hoist the Colours - Colm R. McGuinness

Оқырмандар Дарьяның видеосына екі жақты пікір білдірді. Олардың бірі: "менің күйеуім неге үнемі балық аулауға кетеді деп ойласам", - деп жазады, екіншісі бұның Қапшағай екеніне сенуден бас тартады: "Қапшағайда мұндай орын жоқ" деп жазды ол. Кейбіреу "мен кеше акваманмен жүздім" деп әзілдейді. Басқалары сұлулыққа таңғалады: "әдемі қыз", "қандай сұлулық", "қандай әдемі костюм". Дарьяның өзі теріс пікірге жауап бермейтінін және барлық пікірлерді көңілді оқығанын айтады.

@dari6996 А какое у вас хобби ? Пиши в комментарии #рек #русалка #тренд #топ #хочуврек #русалочка #русалкаалматы #бассейн #подводнаясъемка #казахстан #ка ♬ Месяц - Palina

Қыз бала кезінен мультфильмдер мен су перілері туралы сериалдарды жақсы көретінін айтады. Ал есейгенде бұл арманы шындыққа айналды: костюм сатып алып, жүзе бастады.

@dari6996 Ну всё ! Это зависимость А какие у вас зависимости ? #рек #русалка Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!