Қазақстандық саяхатшы Шонжыдағы ыстық бұлақтың пайдасы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративті фото depositphotos.com Иллюстративті фото depositphotos.com

Алматылық Ольга отбасымен бірге Шонжыға барып, ыстық бұлақтарда демалған. Отандық туризмге қолдау білдіріп жүрген ол Шонжыдағы демалысына қанша ақша жұмсағанын, онда не ұнағанын, өзімен бірге не алып бару керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Ольга отбасымен бірге Шонжыға барып, ыстық бұлақтарда демалған. Отандық туризмге қолдау білдіріп жүрген ол Шонжыдағы демалысына қанша ақша жұмсағанын, онда не ұнағанын, өзімен бірге не алып бару керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Саяхатшының сөзінше, қысқа уақытқа созылса да, демалысының керемет болғаны соншалық, үйлеріне жеткенде бүкіл отбасы қайта Шонжыға оралғысы келген. Ол қыстың соңғы айында, барлығы суықтан шаршаған кезде, өзіңе демалыс жариялап, жылы суда шомылудың маңызы зор екенін айтты.

"Неліктен Шонжыға баруды шештік дейсіз ғой? Ең әуелі қыстың суық күндерінде жылы суда болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл - емдік қасиеті бар су. Ол буындарды қалпына келтіреді. Бұлақта шомылғанда денең босаңсиды. Яғни, бұлақтың 100% пайдасы бар", - деді Ольга.

Ыстық бұлақта тағы немен айналысуға болады?

Ольга алғаш рет Шонжыға келгенде өзін ерекше жеңіл сезінгенін айтады. Таза ауа, әдемі табиғат бірден баурап алады. Оның үстіне келе сала буы шығып тұратын жылы бассейндер дайын тұрады екен. Айтуынша, бассейннен бөлек демалыс аумағында монша, караоке және дәмхана бар.

"Демалатын жерде монша, караоке және дәмхана бар. Дәмхананың бір жақсы тұсы – мәзірдегі тағамдарды таңдап, тапсырыс берсең, қалаған уақытыңа дайындап қояды. Мұнда негізінен лағман тәрізді шығыс тағамдары бар. Сонымен қоса таңғы астың түр-түрі, сусындар, шай, кофе барлығы бар", - деді ол.

Асханасы қандай?

Саяхатшы үйден кез келген тағамды өзіңмен бірге алып келуге болатынын айтты. Мәселен ет пен көкөністерді алып келіп, кәуап пісіруге болады. Сол жерде мангал беріледі. Сондай-ақ көмір де сатылады екен.

"Өзімізбен бірге су мен көкөністерді әкелдік. Табиғат аясында қарныңыз жиі ашады. Дегенмен кафеде де бәрі дәмді болды. Сонымен қоса кәуапты өзіңіз дайындай аласыз. Көмір мен мангалды да сол жерден алуға болады", - деді Ольга.


Өзіңізбен бірге не ала бару керек?

Ольга сапарға шыққанда сүлгілер мен халаттарды ала бару керек екенін айтты.

"Өзіңмен бірге бірнеше сүлгі, халат ала барған жөн. Дегенмен ол жерде бұның барлығы сатылады. Сондай-ақ онда кішігірім азық-түлік дүкені де бар. Ассортименті көп емес. Сол себепті ерекше бірдеңе жегіңіз келсе, өзіңмен ала келген дұрыс. Шаш кептіргішті алуды ұмытпаңыз, - деп ескертті Ольга.

Бағалары қандай

"Бұл - өте бюджетті демалыс болды. Сенбі, жексенбі күндері бір бөлмені тәулігіне 12 мың теңгеге жалдадық, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар саяхатшы мәзірдегі тағамдардың бағалары аса қымбат емес екенін, шамамен Алматының бюджеттік кафелеріндегідей екенін айтты. Мысалы, Цомян лағманын - 2000 теңгеге, бір шәйнек шайды 800 теңгеге алуға болатынын атап өтті.

Демалыс ұнады ма

"Көктайғақта шықсақ та, барғанда да, қайтқанда да жылдам жеттік. Тіпті қалай жеткенімізді сезбей қалдық. Демалысымыз өте жақсы өтті! Атмосферасы өте жағымды, әрі жайлы екен. Балалы отбасылар көп болды. Жұма күні кешке келіп, жексенбіге дейін сонда болдық, - деді саяхатшы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная