Қазақстандық лоукостер кесте бойынша рейстерді қайта бастады

Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап қазақстандық лоукостер әдеттегі ұшу кестесіне және қалыпты жұмыс тәртібіне оралды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

FlyArystan компаниясының тұрақты әуе қатынасы ішкі рейстер бойынша да, халықаралық рейстер бойынша да: Түркия, Қырғызстан, Ресей, Грузия және Өзбекстан, БАӘ бойынша қалпына келтірілді. Наурыздың соңына дейін рейстер кестесі FlyArystan қосымшасында және сайтта қолжетімді.

Әуекомпания баспасөз қызметі 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап жолаушыларға (ҚР вакцина алған азаматтарын қоса алғанда) ПТР-тестінің теріс нәтижесі болған кезде ғана елге кіруге рұқсат етілгенін еске салады. Анықтама Қазақстанға келгеннен кейін биоматериал сынамасын тапсырған сәттен бастап 72 сағат бойы жарамды.

"Осыған байланысты жолаушылардан Қазақстанға кірудің жаңартылған ережелерімен алдын ала танысуды сұраймыз. FlyArystan ұшуды жүзеге асыратын шетелдерге кіру талаптарымен сайтта танысуға болады. Әртүрлі елге кіру ережелері әртүрлі болатынына назар аударуыңызды сұраймыз. Жүктерді сатып алу, спорттық жабдықтар мен жануарларды тасымалдау, бортта тамақтану және басқа да қосымша қызметтер біздің жолаушыларға толық көлемде қолжетімді", - делінген хабарламада.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!