Қазақстандық хор Үндістанда өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана Мемлекеттік филармониясының Камералық хорының көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова жетекшілігіндегі оркестрмен бірге алғаш рет Үндістандағы халықаралық фестивальге қатысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана Мемлекеттік филармониясының Камералық хорының көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова жетекшілігіндегі оркестрмен бірге алғаш рет Үндістандағы халықаралық фестивальге қатысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Гүлмира Құттыбадамованың сөзінше, былтырға дейін оның үнді музыкасымен таныстығы Радж Капур мен Митхун Чакрабортидің орындауындағы әндермен шектелетін. Алайда бүкіл әлемге танымал композитор, скрипкашы доктор Л.Субраманьяммен кездесіп, ынтымақтастық орнатуынан кейін оның ойы өзгерген.

"Субраманьям музыкасының өзіндік қасиеті мен ерекшелігі бар. Оның әуендері еркіндікке толы", - дейді хордың көркемдік жетекшісі.

Фото: Үндістан елшілігі

Үндістанда Халықаралық Лакшминараяна музыкалық фестивалі (LGMF) өтіп жатыр. 5 қаңтар күні сахнада 100-ге музыкант өнер көрсетті. "Үнді музыкасының құдайы" саналатын Субраманьямның жетекшілігімен классикалық мелодиялардың попурриі шырқалды.

Фестивальдің 33 жылдық тарихында тынбай өнер көрсетіп келе жатқан виртуоз скрипкашы музыканың мәдени және тілдік шекаралары жоқ екенін дәлелдеп келеді.

"Бала кезімде әкем маған Иегуди Менухин (америкалық-британиялық скрипкашы және дирижер - ред.) сияқты музыканттардың концерттеріне баруымды өтінетін. Біз болашақта музыкамызды осындай деңгейге көтеруіміз керек дейтін еді. Міне мен әкем атап өткен адамдармен бір сахнада өнер көрсете бастадым. Ол фестиваліміздің қандай дәрежеге жеткенін көргенде қуанар еді, - деді Субраманьям.

Ол 1992 жылы әкесі әрі гуруы В.Лакшминараянның құрметіне Халықаралық Лакшминараяна музыкалық фестивалін ашқанын айтып өтті. 33-ші фестиваль Times Of India-мен бірігіп ұйымдастырылды. Биылғы фестиваль үнді-қазақ достастығына арналды. Орталық Азиядан барған симфониялық және хор оркестрі 13 қаңтарға дейін Үндістанның Бангалор, Майсору және Мумбай сияқты төрт қаласында өнер көрсетіп келеді. Делидегі кешке елдің Мәдениет министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елшілігі өкілдігі басшысының орынбасары Дархан Сейтенов қатысты.

Айта кетейік, Қазақстаннан келген хор ансамблі екі ішекті домбыра мен қобыз сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндерін орындады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная