Қазақстандық travel-блогерлер жаңа тренд шығарды, онда виза мен мөр басылған төлқұжаттар түсірілген. Қысқа ғана сюжеттер Желіде нағыз қызығушылыққа ие болып, миллиондаған қаралым жинап жатыр. Tengritravel.kz тілшісі видеороликтер авторларымен хабарласып, қанша елде болғандарын сұрады.
Трендті Сәкен Қағаров бастаған, оның видеосы 1,6 миллион қаралым жинады.
"Олар маған инстаграм үшін істеді деп айтуы мүмкін. Жоқ, мен мұны сен үшін де істеп жатқаным жоқ. Мұны мен өзім үшін істеймін, өйткені кейін болмай қалуы мүмкін", - делінген видеоға жазылған аудиода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сәкеннің айтуынша, осы видеосымен ол қолданушыларға жаңа саяхат пен сапарға шығуға мотивация бермек болған. Ол үш жылда 60-тан аса елде болған. Сәкенде шенген, америкалық, жапониялық және қытайлық визадан бөлек Гренландияға визасы бар.
"Таяуда Грендандияда болдым. Бір қызығы ол жаққа да виза қажет екен. Мен мұны білмедім, оны кім көрінгенге бере бермейді екен. Мұздықтарды көріп, таңғалдым. Соның әсерінен болар Антарктидаға шақыруды қуана қабыл алдым. Бұйырса 2024 жылы желтоқсанда біз сол құрлықты зерттеуге аттанамыз", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Трендті блогер Өркен Кенжебекте іліп алып кетті, ол 12 жылда 56 елде болған. Алдағы уақытта ол Бангладешке, сосын Сан-Марино Республикасына бармақ. Блогер Жапония мен Колумбияға баруды көздеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өркеннің айтуынша, ол кенеттен шыққан сапарларды ұнатпайды, керісінше, ер адам әр бағытын жоспарлап отырады екен.
"Көптеген адамдар осыған аса назар аудармайды. Олар сапарды жоспарламайды, баратын елін зерттемейді, сосын саяхатынан толық ләззат ала алмай жатады", - дейді Өркен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл бастаманы Желінің басқа да қолданушылары қолдап, саяхаттау - өмірінің маңызды рөлін атқаратынын көрсеткісі келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!