Қазақстандық әуекомпания наурызда Мысырға рейсін қайта бастайды

Қазақстандық әуекомпания 1 наурыздан бастап Мысырға рейсті қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

SCAT әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қостанайдан Шарм-эль-Шейхке рейстердің қайта басталғанын жариялады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан рейстер аптасына үш рет, Шымкент пен Қостанайдан он күнде бір рет болады.

Жазда Ақтөбеден рейстер қайта басталады. Ұшақ бұл бағытта аптасына екі рет ұшады.

Рейстер Boeing 737-9 және Boeing 737-8 ұшақтарымен орындалады.

Еске салайық, Мысыр 2021 жылдың қарашасынан бастап қазақстандық туристер үшін қолжетімсіз болды. Бағыт коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты жабылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!