Қазақстандық әуе компаниялар алты айда 4 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Қазақстандық әуе компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әуе компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл бірінші жартыжылқтың қорытындысы бойынша отандық әуе компаниялар 3 973 150 жолаушыны, оның ішінде ішкі желілерде 3 488 675 және халықаралық желілерде 484 475 жолаушыны тасымалдады.

"Бір жыл бұрын, COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды, осылайша 2020 жылдың 12 айында отандық әуе компаниялар 5 260 014 жолаушыны тасымалдады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмен", - делінген хабарламада. 

Отандық әуе компаниялардың (Эйр Астана, Scat, Qazaq Air және FlyArystan) болжамдары бойынша ағымдағы жылдың соңына қарай жолаушылар ағынының жалпы саны 9 093 022-ге дейін өсуі тиіс екені айтылады.

"Оның ішінде 2021 жылы "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясы - 3 482 790 жолаушы, "Scat" АҚ әуе компаниясы - 1 569 410 жолаушы, "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясы - 575 996 және нарыққа жақында кірген FlyArystan әуе компаниясы 3 464 826 жолаушыларды тасымалдау жоспарланған. Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 227 127 жолаушы) асады деп күтіледі", - делінген хабарламада. 

Жекелеген әуе компанияларда, атап айтқанда FlyArystan өткен ауыр жылға қарамастан, қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша жыл сайынғы өсімді көрсетеді (2019 жылы - 700 233, 2020 жылы - 1 467 261 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында - 1 379 400).

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная