FlyArystan әуекомпаниясы 18 желтоқсанда олардың ұшағында қазақстандық әртіске қатысты болған оқиға туралы хабарлады. Жолаушы агрессия көрсетіп, бортсерікке шабуыл жасап, рейс кешігіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әуе тасымалдаушының мәліметінше, оқиға әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану ретінде тіркелген. Жолаушы полицияға тапсырылып, оған 440-бап (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс - ред.) бойынша айып тағылды. Бортсерік қосымша тергеу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті.
"Жолаушы өзінің сыртқы киімінің багаж сөрелерінде мыжылғанына наразылық білдірді, содан кейін бортсерік жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектесу үшін сөреден алып кеткен, бірақ жолаушы өз күртесін тартып алған және бортсеріктің маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілді", - деп хабарлады әуе компаниясы әртістің аты-жөнін жарияламай.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!