Балалар тегін ұшады және әрбір шетелдік турист үшін ақшалай бонус беріледі - Қазақстандағы туризмді қолдаудың осы және басқа шараларына 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Қаражат туристік агенттіктердің және жеке туристердің пайдасына бағытталған. Кaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанда ішкі туризмді дамыту қалай жоспарланғанын білді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі редакциямыздың ресми сауалына жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылға дейін қазақстандық туроператорларды, тау шаңғысы курорттары мен туристік нысандарды қаржылай қолдау, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік туристерді тарту шаралары жоспарланған. Олардың арасында мыналар бар:
Туроператорларға әрбір шетелдік турист үшін 15 000 теңге төлеу. Бірақ турпакет аясында шетелдік азамат Қазақстанда кемінде бес күн болу шарты қойылады.
Иллюстрациялық сурет. © znaj.ua
Kids Go Free бағдарламасы бойынша Қазақстанда балалар тегін ұшады (Бағдарлама 2025 жылға дейін тек ҚР азаматтары үшін есептелген. Қазір қаралып жатыр). Алдағы материалдарда балаларға арналған тегін рейстер бағдарламасы туралы көбірек білесіз.
90 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады
Бизнесмендердің тау шаңғысы курорттына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу үшін жұмсаған шығынының 25 пайызын өтеу (мысалы, қар генераторларын, ратрактарды (тау шаңғысы беткейлері мен шаңғы трассаларын дайындау үшін пайдаланылатын шынжыр табанды жүрісті арнайы көлік құралы). Сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандарын салуға жұмсалған шығындардың (өтінім берілген жылға дейін екі жылдан ерте емес пайдалануға берілген) 10 пайызын өтеу көзделген.
© pixabay.com
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерге санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға 83 300 теңгеден төлеу жоспарланған және бизнесмендерге қосымша құрылыс салу міндеті қойылмайды.
Министрліктің баспасөз қызметіндегілер бұл шаралар әзірге егжей-тегжей келісілмегенін және олар өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, субсидиялау ковидтен кейінгі кезеңде туристік қызметті ынталандыруға бағытталған.