Қазақстандағы туристер жұлдызсыз қонақүйлерді таңдайды - зерттеу

Қазақстандағы туристер қандай да бір санатсыз қонақүйлерде тұруды жөн көреді. Орналастырудың бұл түрін 2021 жылы үш миллион адам таңдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Finprom сайтына сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, өткен жылы шамамен бес жарым миллион адам, оның ішінде шетелдік туристер мен ел тұрғындары қонақүйлерде тұрды. Бес жұлдызды қонақүйлерде 560 мыңнан астам адам, төрт жұлдызды қонақүйлерде шамамен 554 мың адам, үш жұлдызды қонақүйлерде шамамен 245 мың адам, екі жұлдызды қонақүйлерде 17,8 мың адам, бір жұлдызды қонақүйлерде үш жарым мың адам қоныстанды.

Алматы қызмет көрсетілген қонақтар саны бойынша көшбасшы болды: 1,2 миллион адам немесе жалпы санның 22,3 пайызы. Бұл ретте клиенттер саны бір жыл ішінде 65,5 пайызға өсті. Жетекші өңірлердің қатарында Нұр-Сұлтан (78,4 пайызға өсіммен 751 мың адам) және Алматы облысы да (609 мың адам, яғни 2020 жылмен салыстырғанда 26,1 пайыз қосылды) болды.

Атырау облысына адам аз келген. Мұнда келушілер саны бірден 45,2 пайызға - 46,3 мың адамға дейін азайды. Қызмет көрсетілетін келушілер санының азаюы тек осы аймақта байқалды.

2021 жылы орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі ақшалай мәнде 109 миллиард теңгеге жетті, яғни бір жыл бұрынғыға қарағанда 63,1 пайызға артық. Бұл көрсеткіш бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілді: 27,9 миллиард теңге, жылдық өсім - 66,1 пайыз. Көшбасшы өңірлердің үштігіне елорда (20,3 миллиард теңге, 75,4 пайыз артық) және Ақмола облысы (10,5 миллиард теңге, 63,9 пайыз артық) кірді. Ең аз қызмет Қызылорда облысында - 1,1 миллиард теңгеге көрсетілді.

Көбінесе қонақтар мейрамханасы бар қонақүйлерді артық көрді. Мұндай мекемелерде өткен жылы 2,7 миллион адам тоқтаған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 62,8 пайызға көп. Туристердің таңдауы мейрамханасы жоқ орындарға да (1,7 миллион адам), бір қабатты бунгало, ауылдық үйлер, коттедждер, шағын үйлер мен пәтерлерге (673 мың адам) түсті. Топ-5 танымал орынға демалыс үйлері мен туристік базалар кірді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!