Қазақстандағы қысқы фотосессияға арналған 18 ғажайып орын

Қазақстанның қысы өте алуан түрлі. Бір жері қарлы және аязды болса, ал бір жерінде шуақты және жылырақ болып келеді. Қазақстан табиғаты - бай, әрі таңғажайып. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қысқы фотосессия жасау үшін еліміздің қандай әдемі жерлеріне бару қажеттігі жайлы баяндайды.

Ең алдымен, сұлулықты тек жаны сұлу адам ғана байқайтынын ескерткіміз келеді. Сондықтан, сізде осы жинақта көрсетілмеген жерлер туралы ойыңыз болса, төменде пікір арқылы қалдыруыңызға болады.

Біз таңдауымызды Қазақстанның оңтүстік мегаполисі - Шымкенттен бастауды жөн көрдік. Жаяу серуендеуге ғана емес, керемет фотосуреттер жасауға арналған сүйікті орын - әйгілі Шымкент дендросаябағы. Мұнда әдемі пейзаждар мол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАЙЯ БАКИТКАН. ФУД-БЛОГГЕР (@maiya_bak)

Қала атмосферасын жақсы көретіндер үшін де пейзаждар бар, ол - Ордабасы алаңы және Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігі саябағы мен жаяу жүргіншілер көпірі бар туристік кешен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ?????? (@b_kiblash)

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 137 ұлтын бейнелейтін 137 металл бөлшектерден жасалған қазақ халқының бірлігі жайлы ғажап ескерткіш бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? (@iozhikoduvanya)

Қостанай қаласы - елдің екінші шетінде Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Бұл жердің қысы қатал, бірақ қостанайлықтар бұған үйреніп қалған және қысты аязсыз елестете алмайды десе болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Костанай глазами астанчанки ? (@ysqqv)

Қаланы орман қоршап тұрғандықтан, кез келген адам қарағай тоғайына жаяу бара алады. Сонымен, көпірдің дәл артында, қаладан екі адым жерде сіз қысқы орман көріністерін тамашалай аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анастасия Александровна (@a.a.gorkoeva)

Қала ішінде де скверлер, алаңдар мен саябақтарда тыныш серуендеуге болады. Мысалы, орталық алаң өзінің "Биг Бенімен" танымал. Бұл - сағат мұнарасы бар ғимарат Лондонның танымал көрнекті жеріне ұқсас болып келеді. Қыстың аязды, ұзақ, қараңғы түндерінде барлық ғимараттар шамдармен және гирляндалармен жарықтандырылады.

Оң жақ және сол жақ жағалау - Қазақстан астанасының қай жағалауы болса да ерекше әдемі. Бұл - Нұр-Сұлтан қонақтарын да, тұрғындарын да қызықтыратын жер екені анық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Султан Карманов (@sultankarmanov)

Архитектуралық алуандылығы мен жарықтың түсуіне қарай әуесқой фотографтар ғажайып, ерекше суреттер түсіре алады

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анастасия Сергеевна (@photo_aniki)

Буырқанған теңізге, жартастарға соғылған толқындарға шетсіз-шексіз қарап отыра беруге болады. Ақтауда сіз сондай-ақ, әдемі жыл құстарын көре аласыз. Кез-келген қала тұрғынынан қыста қайда баруға болатындығын сұрасаңыз, сізге жағалауды нұсқайды.

Каспийдің қарлы жағалауы өзінің алуандығымен таң қалдырады, өйткені бір кездері мұнда ақ жамылғымен жабылған пальмалар болған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОБ АКТАУ⛵ (@ob.aktau)

Бұл жер тәуліктің қай кезінде де әдемі: таңертең сіз күннің шығуын бақылай аласыз, ал кешке сіз мерекелік көңіл-күйді тамашалай аласыз, өйткені бұл жерде шамдар жанып, жағымды музыка ойнайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Улмекен Алкуат (@alkuat_ulmeken)

Таразды тарихи-мәдени мұра орталығы деп атауға болады. Мұнда мұражайлар, кесенелер, ескерткіштер және тарихи орындар жетерлік. Жергілікті Орталық мәдениет және демалыс саябағының құрылғанына 70 жылдан астам уақыт өткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B A K Y T O V N A Gyl'Saya (@gulsaya_bakytky)

Кейбір жерлерде кеңес дәуірінің іздері сақталған. Саябақтың маңында қыста өте әдемі, ғажайып фотосуреттер жасауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Надежда рукоделие вязание (@knittingchef)

Семей аспалы көпірі әлемдегі 17-аспалы көпір болды. Бұл көпірдің аралығы 750 метрді құрайды. Біріккен Эйфель мұнарасы мен жеті Байтеректі елестетіп көріңіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danara Bekmurzaeva (@danarabekmurzaeva)

Қыста, түнгі уақытта ерекше әдемі, шамдар жарығы керемет әсер сыйлайды. Бұл жерде суретке түсу – Семейге келгенде, алдымен орындалатын рәсім.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dl_ozzi

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Baby_juice_box (@kenzhekey_dauit)

Мұнда Ертіс пен оның саласы Семипалатинканың арасында орналасқан тұтас арал бар. Оның атауы бірнеше рет өзгерген: қазақша Түйемойнақ, Киров аралы, қазір оны Бейбітшілік деп атайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Прокопенко Владимир (@v.prokop)

Халық арасында оны Полковник аралы деп атайды және ол әлі күнге дейін семейліктердің сүйікті орны болып саналады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FOX (@solo_a_fox)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена ? блог инста-менеджера (@lady.inweb)

Қопа көлі Көкшетаудың қақ ортасында орналасқан. Қала су айдынын құшағына алып тұрғандай әсер қалдырады. Жағалау әрқашан қала тұрғындары мен қонақтардың серуендейтін сүйікті орындарының бірі болды, ал биыл бұл жер айтарлықтай өзгерді: амфитеатрлар, көпірлер, балалар және спорт алаңдары салынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Клара Ташбаева (@klara975)

Айта кетсек, жағалаудан Лос-Анджелестегі әйгілі "Hollywood" жазуы стилінде "Көкшетау" деп жазылған төбені көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Natali Miroshnichenko? (@nata.miro)

Бұл қалада қыс ұзақ, аязды, әрі қалың қарлы болып келеді. Бұл сізге смартфоныңызды қалтаңызға салдырмай, әдемі жерлерді тоқтаусыз түсіруге мүмкіндік береді.

Қарағанды орталық саябағы - бұл Қазақстандағы ең үлкен қалалық саябақ. Оның аумағына үш Ватикан сыйып кетеді. Мұнда ең жақсы фотосессия үшін бәрі бар: қар жамылған аллеялар, алып ағаштар, тіпті қақ ортасында көл де бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AZIZAT GILMEYEVA (@a.gilmeyeva)

Түнде де мұнда жақсы суреттер түсіруге болады, өйткені бұл жерлер жақсы жарықтандырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Терещенко (@_sergey.tereschenko)

Павлодар жағалауы Қазақстандағы ең ұзын деп танылды. Оның ұзындығы алты шақырымнан асады. Бұл 60 мыңнан астам қадамды құрайтынын елестетіп көріңіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kristina Zhbanova?? (@kris__zh)

Мұнда, көрініс бір жағынан қалаға, екінші жағынан ағаштармен қоршалған өзенге қарайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Голден ретривер Рада (@golden.rada)

Мұнда сіз өзенге ойлана қарап, ақ ағаштардың фонында немесе түнде қаланың керемет көрінісімен әдемі суретке түсе аласыз.

Көпір - фотосуреттегі қызықты ете түсетін керемет идея. Әсіресе, қыста. Дәл осындай көпір Атырауда бар, ол - Сатпаев жаяу жүргіншілер көпірі. Бұл жер тұрғындардың мақтаныш сезімін тудырады, өйткені, тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы - 551 метр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Azamat Bustekov ?? (@bustekov_azamat)

Айтпақшы, ол әлемнің екі бөлігін - Азия мен Еуропаны біріктіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Альхамдулиллях? (@azh_070)

Қызылордада суретке түсудің басты артықшылығы - мұнда қыстың қатты болмайтындығы және әдемі суретке түсу үшін қалың киінудің қажеті жоқ. Сондықтан, сізге тек бет-әлпетіңіз бен шашыңызды сәндеу ғана қажет. Мұрныңыз да аяздан қызармайды.

Түнгі суреттер Қызылорданың орталық алаңында керемет шығады.

Қаланың негізгі атмосферасы кішігірім көшелері мен саябақтарда сезіледі. Орал қаласының барлық тұрғындарының сүйікті орны - Киров саябағы. Барлық айтулы мерекелер осы жерде өтеді. Бұл - біздің еліміздегі ең көне саябақтардың бірі, оның негізі 1840 жылы қаланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Муфтигалиева Зухра (@muftigalieva_zuhra)

Дәл осы себептен ол аймақтағы ең жасыл жерлердің бірі болып саналады, мұнда 4000-ға жуық ағаш бар, олардың арасында 150 жастан асқандары да бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alex (@naturebeauty2988)

Өскеменнің орталық алаңы - жергілікті фотографтарды әдемі кадрлар түсіруге шабыттандыратын орын. Жарқыраған көшелер, ескі шамдар, қар басқан жолдар, бос орындықтар, қармен көмкерілген жап-жасыл ағаштар – бұдан артық декорацияның қажеті де жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Данияр? ?? (@xalymdaniyar)

Мұндай сұлулықтың жанынан құр өту мүмкін емес, тоқтап, айналаға зер салғың келеді. Алаңда әрдайым қаланың қарбалас көшелеріне қарағанда самал соғып тұрады, тыныс алу әлдеқайда жеңіл.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ???????? (@smirnova.dianaa)

Алматы Ботаникалық бағы, қаланың дәл орталығында орналасқан, алматылықтарға және қала қонақтарына табиғатпен етене араласуға мүмкіндік береді. Алматы ботаникалық бағының емендері, қарағайлары, шыршалары, қайыңдары алыстағы жабайы орманды көз алдыңызға әкеледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куда пойти в Алматы? (@kuda.almaty)

Табиғи көрінісі кез келген суретті әдемі етеді: балықтар мен аққулар жүзген тоғандар, аспанмен тірескен алып ағаштар, тар жолдар, тіпті жәндіктерге арналған мекендер сізге керемет әсер сыйлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BEAUTY ? TRAVEL ?LIFE (@veronica_belyashova)

Егер сіз қырағы болсаңыз, мұндағы тиіндерді, ірі қырғауылдарды және кішкентай шымшықты көре аласыз. Мұның бәрі шабыттандырып қана қоймай, күш береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Редькин (@sredkin81)

Сонымен қатар, қаланы "Алматы – жиегі жасыл желекпен, саябақпен, көлеңкелі аллеялармен көмкерілген сирек кездесетін асыл тас, бақша-қала" деп те атайды.

Тұңғыш Президент саябағы - қаладағы ең үлкен саябақ. Мұнда негізгі көріністері сақталып қана қоймай, жаңа ғимараттар да пайда болды: субұрқақтар, аркалар мен бағандар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тарбия | НУМЕРОЛОГ (@numerolog_tarbiya)

Дәл осы жерде Алматы тауларына ерекше көрініс ашылады. Бұл жерде таза ауамен дем алып, ойға шомып және айналаңыздағы сұлулықты тамашалауға болады.

Сіздің ойыңызша, қалаңызда қысқы фотосессия үшін ең жақсы орындар қай жерде?

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.