Менің елім 05 шілде 2024 10:10

Қазақстандағы демалыс: Қарағандыға пойызбен қалай жетуге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Қазақстанның теміржол бағыттары туралы мақалалар сериясын жалғастырамыз. Жазда көп адам достарына, туыстарына немесе турис ретінде әртүрлі қалаларға демалуға барады. Бүгін пойызбен Қарағандыға қалай жетуге болатынын білдік. Бұл сұраққа Tengritravel.kz тілшісіне "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі жауап берді.


Қазақстанның теміржол бағыттары туралы мақалалар сериясын жалғастырамыз. Жазда көп адам достарына, туыстарына немесе турис ретінде әртүрлі қалаларға демалуға барады. Бүгін пойызбен Қарағандыға қалай жетуге болатынын білдік. Бұл сұраққа Tengritravel.kz тілшісіне "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі жауап берді.

Қарағанды ​​бағытында 24 тікелей және өтпелі пойыз жүретіні анықталды:

  • №3Т/4Т Алматы 2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №9Т/10Т Алматы 2 – Нұр-Сұлтан 1
  • №43/44 Алматы 1 – Қостанай
  • № 45/46 Түркістан – Павлодар
  • №53/54 Достық – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №56/56 Қызылорда – Көкшетау
  • №65Т/66Т Жезқазған – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №71Т/72Т Шымкент – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №75/76 Петропавл – Қызылорда
  • №83/84 Қарағанды ​​– Самара
  • №85Т/86Т Шымкент – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №87/88 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан
  • №105Т/106Т Алматы 2 – Петропавл
  • №107/108 Жезқазған – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №113/114 Алматы 2 – Қазан
  • №117/118 Павлодар – Қызылорда
  • №121/122 Семей – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол
  • №145/146 Қарағанды ​​– Омбы
  • №201/202 Алматы – Нұр-Сұлтан 1
  • № 203/204 Шымкент – Нұр-Сұлтан 1
  • №253/254 Достық – Нұрлы жол
  • №327/328 Қостанай – Қарағанды
  • №605/606 Балқаш – Қарағанды
  • №611/612 Қарындаш – Қарағанды

"Астанадан Қарағандыға № 53/54, № 65Т/66Т, № 71Т/72Т, № 85Т/86Т, № 203/204, № 253/254, № 83/84, № 145/146, № 045/46, № 9Т/10Т, № 3Т/4Т, № 65Т/66Т пойыздармен жетуге болады. Ең төменгі жол жүру құны 1 928 теңге (орын), 3 055 теңге (плацкарт), 4 234 теңге (купе) және 7 534 теңге (люкс)", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматыдан Қарағандыға № 3Т/4Т және №9Т/10Т пойыздармен жетуге болатындығы, мысалы, отыратын орын үшін жол жүру құны 6 198 теңге болатыны нақтыланды.

"Түркістан мен Павлодардан Қарағандыға № 45/46 пойызбен жетуге болады. Түркістаннан жол жүру құны - 8 487 теңге (плацкарт) және 12 758 теңге (купе), Павлодардан – 5 051 теңге (плацкарт) және 7 361 теңге (купе). Шымкенттен Қарағандыға № 71Т/72Т, № 85Т/86Т, № 45/46 пойыздар қатынайды, жол жүру құны - 6 572 теңге (плацкарт), 11 366 теңге (купе) және 18 736 теңге (люкс)", – деді баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!