Қазақстанда ұшақ билеті қымбаттауының себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

ИИДМ әуе билет бағасының өсу себебін атады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, әуе билеттерінің құны импорттық отынға байланысты көтерілген, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ИИДМ әуе билет бағасының өсу себебін атады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, әуе билеттерінің құны импорттық отынға байланысты көтерілген, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі.

"Әуе билеттерінің құнына келетін болсақ, бүгінде билет құнының 30 пайызы отынға жұмсалады. Авиаотынның белгілі бір бөлігі шетел валюталарының бағамына байланысты импортталатындықтан, бізде бұл мәселе шешілмей тұр. Кейде бағалар көтеріледі, ондай кездер бар", - деді Мәжіліс отырысында Дауылбаев.

Ол әуе билетінің бағасын бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бақылайтынын түсіндірді.

Вице-министр Қазақстанда бүгінде алты әуекомпания жұмыс істейтінін, олардың қарамағында 83 әуекемесі барын атап өтті.

"Қызмет көрсету сапасына келетін болсақ, биыл 14 әуекемесі сатып алынуы керек болатын. Қазірдің өзінде жетеуін алды. 2025 жылдың соңына дейін 51 әуекемесін алуды жоспарлап отырмыз. Жаңа бағыттар ашылады", - деді Дауылбаев.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная