Қазақстанда "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Евгений Волков Фото Евгений Волков

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде жаңа 14-ші "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде жаңа 14-ші "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ұлытау" ұлттық паркі Қарағанды облысында орналасып, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

"ҚР Үкіметінің 2021 жылғы № 867 Қаулысына сәйкес, "Ұлытау" Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі құрылды. Бұл - еліміздегі 14-ші ұлттық парк. Еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады. ҚР ЭГТРМ табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра береді", - деп жазды министр.

Парктің мақсаты - әртүрлі экологиялық және ғылыми құндылықтың мемлекеттік табиғи кешендерінде биологиялық және ландшафтық байлығын сақтау және қорғау.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная