Қазақстанда ұлттық нақышта әрленген пойыз жүре бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет railways.kz сайтынан Сурет railways.kz сайтынан

Наурыз мерекесінің қарсаңында ұлттық нақышта безендірілген электрпойызы Астананы - Бурабай арасында жүре бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мерекесінің қарсаңында ұлттық нақышта безендірілген электрпойызы Астананы - Бурабай арасында жүре бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көнеден мерекеленіп келе жатқан Наурыз мейрамы қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты.

"Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан таңертең жөнелтіледі. Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол (сағат 06: 03 мин. жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин. жөнелту) вокзалдарында ұйымдастырылған. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9:51 мин. келеді", - делінген хабарламада.

Жайлы сапарлау үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады.

"Наурыз" электр пойызы - бұл "Жолаушылар тасымалы" АҚ, ҚР ПІБ "Бурабай Даму" ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылады", - деді ҚТЖ өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная