Қазақстанда тепловоз бен локомотив соқтығысты: зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

WhatsApp-тағы чаттарда Жезқазғаннан 65 шақырым жерде екі жүк пойызының соқтығысқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Ақпаратқа ҚТЖ баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp-тағы чаттарда Жезқазғаннан 65 шақырым жерде екі жүк пойызының соқтығысқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Ақпаратқа ҚТЖ баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"15 қазанда сағат 21:03-те Жезқазғаннан 65 шақырым жерде, Сарысу разъезінің жанында, "Қазақмыс" ЖШС-ның теміржолында екі жүк құрамы соқтығысып, кейіннен 5 бос жартылай вагон мен тепловоз (бір құрамда 29 бос вагон, екіншісінде - 15 вагон) аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды (барлығының жағдайы орташа), - делінген желіде тараған хабарламада.

ҚТЖ баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді:

"15 қазанда сағат 10:10-да "Сарысу" разъезінің маңында жекеменшік тепловоз бен жеке локомотив соқтығысты. Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылып қалды. Жеке локомотив бригадалары орташа дәрежеде жарақат алды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Сондай-ақ компания оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная